Accessibility links

Бас прокуратура: Берік Имашевтың Мұхтар Жәкішевті қорғауға құқығы жоқ


«Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев сот процесіне қорғаушы ретінде шақырғысы келген Берік Имашевтың оны қорғауға құқығы жоқ, — деп мәлімдеді Бас прокуратура.

«Имашевтың адвокат немесе айыпталушының жақын туысы, заңды өкілі, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктің не кәсіподақтың өкілі еместігін назарға ала отырып, Жәкішевке оны қорғай алмайтындығы түсіндірілді», — делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Қазақстанның Қылмыстық-процессуальдық кодексі 70-бабының 2-тармағы бойынша қорғаушы ретінде тек адвокат қана қатыса алады. Адвокатпен бірге айыпталушының, сотталушының, күдіктінің мүддесін жұбайы, жақын туысы, заңды өкілі немесе қоғамдық бірлестік пен кәсіподақтың өкілі қорғай алады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Мұхтар Жәкішев мамырдың 21-і күні «Қазатомпром» компаниясы басқармасының төрағасы қызметінен бас прокуратураның ұсынысы негізінде босатылған болатын.
XS
SM
MD
LG