Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрі Израилде келіссөз өткізуде


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс Израилге барып, Иранның даулы ядролық бағдарламасы мен Таяу Шығыстағы бейбітшілік үдерісіне қатысты келіссөз өткізуде. Гейтстың айтуынша, АҚШ Иран өзінің ядролық бағдарламасына байланысты ұсынысқа күзге дейін жауап береді деп үміттенеді. Бұл туралы ол Израиль қорғаныс министрі Ехуд Баракпен өткізген келіссөзінен кейін мәлімдеді.

АҚШ пен оның одақтастары Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді бірақ Теһран бұл айыптауларды жоққа шығаруда.
XS
SM
MD
LG