Accessibility links

БҰҰ өкілі Ауғанстандағы қауіпсіздікке байланысты алаңдаушылық білдірді


Ауғанстандағы БҰҰ-ның жоғары лауазымды өкілі Кей Эйд Талибан бүлікшілері алдағы айда өтетін маңызды президент сайлауына кедергі жасауы мүмкін деп алаңдап отыр. Ауғанстандағы халықаралық көмек миссиясын басқаратын Эйд елдегі қауіпті жағдайға байланысты көптеген ауғандықтар тамыздың 20-дағы сайлауда дауыс беруге келмеуі мүмкін деп мәлімдеді.

Сейсенбі күні президенттік үміткер Абдулла Абдулланың сайлау алды науқаны бойынша жетекшісі қарулы адамдардың шабуылнынан жарақат алып, оның жүргізушісі қаза тапты. Сонымен қатар соңғы кездері Талибан бүлікшілері елдің қауіпсіздік және үкімет қызметкерлеріне шабуылдарын күшейтіп отыр.
XS
SM
MD
LG