Accessibility links

Түркияда күрд көтерілісшілерінің мәселесі талқыланды


Түркия мен Ирақ және АҚШ ресмилері сейсенбі күні Анкарада кездесіп, Ирақтың солтүстігіндегі күрд сепаратистері мәселесін талқылады. Күрд көтерілісшілері 1984 жылдан бері Түркияның оңтүстік-шығысында өз аутономиясы үшін соғысып келеді. Бұл қақтығыстан ондаған мың адам қаза тапты.

Түркия Ирақ күрдтерін әлгі көтерілісшілерге көмектесуде деп айыптайды бірақ өткен жылы Анкара бұл мәселені Бағдад және Ирақ күдтерімен дипломатия мен ынтымақтастық арқылы шешуге әрекеттенетінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG