Accessibility links

Бүгін МАГАТЭ-ның құрылған күні


1957 жылдың 29 шілдесі күні БҰҰ Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін Халықаралық атом энергетикасы жөніндегі агенттік (МАГАТЭ) құрылды.

МАГАТЭ Жарғысы Нью-Йоркте 1956 жылы 23 –қазанда өткен БҰҰ-ның құрылтайшылық конференциясында бекітіліп, 1957 жылдың 29 шілдесінен бастап күшіне енген.

Советтер одағы МАГАТЭ Жарғысын алғашқылардың бірі болып ратификациялап, соның негізінде агенттікке саяси, ғылыми –техникалық және материалдық қолдау көрсетіп тұрған.

МАГАТЭ атом энергетикасын дамыту мәселелерін талқылауға арналған халықаралық ғылыми форумдар өткізіп, түрлі мемлекеттерге зерттеу жұмыстарына көмек беру үшін мамандар жіберіп, ядролық қару мен материалдарды беруде мемлекетаралық бітімгершілік қызметтерін атқарады.

Агенттік жұмысының маңызды бағыты — ядролық қаруды таратпауды қамтамасыз ету. Ядролық қаруды таратпау келісімі (ДНЯО) бойынша МАГАТЭ оған қатысушы мемлекеттер міндеттерінің орындалуын бақылауға алады.

Биылғы шілде айының басында БҰҰ-ның атом энергиясы жөніндегі агенттігіне жаңа басшыны сайлауға 35 елдің өкілдері қатысып, Жапония дипломаты Юкия Амано МАГАТЭ-нің жаңа бас директоры болды.

МАГАТЭ-нің үш мерзім қатарынан басшысы болған Мохамед әл-Барадей қараша айының соңында қызметінен кетеді.
XS
SM
MD
LG