Accessibility links

Халықаралық валюта қоры: Қазақстанның мемлекеттік бюджеті дефицитке ұшырайды


Халықаралық валюта қоры (МВФ) Қазақстанды банк секторына сенімділікті қалпына келтіру жөнінде банктерді қадағалау мен реттеуді күшейту, ірі банктер жағдайының тәуелсіз бағасын анықтау сияқты қосымша шаралар қабылдауға шақырды.

Бұл туралы Халықаралық валюта қорының Қазақстан экономикасына жасаған жылдық шолуының қорытындысында айтылған. Сондай-ақ аталмыш қор мемлекет билігін елдегі жетекші банктер БТА және Альянс банктің шетелдік несие берушілер алдындағы қарыздарының қайтарылу мәселесін кідіріссіз шешуге шақырған.

Болжам бойынша, Қазақстанның ЖІӨ-і 2009 жылы 2%-ға қысқарады, ал мемлекеттік бюджет мұнай бағасының төмендеуі мен үкіметтің дағдарысқа қарсы қомақты шығындарының әсерінен, 2000 жылдан бері алғаш рет дефицитке ұшырайды, — делінген Халықаралық валюта қорының хабарламасында.
XS
SM
MD
LG