Accessibility links

ҰҚШҰ –ға мүше мемлекеттер басшылары Шолпанатада кездеспек


31 шілде – 2 тамыз аралығында Қырғызстанның Шолпаната қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммиті өтеді.

Саммиттің уақыты Құрманбек Бакиевтің туған күнімен тұспа-тұс келіп отыр, 1-тамыз күні Қырғызстан президенті 60 жасқа толады.

Саммит барысында мемлекет басшылары халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, ұйым қызметі тиімділігінің кейбір аспектілерін талқылайды.

1992 жылы 15 мамыр айында құрылған ҰҚШҰ құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан сияқты жеті мемлекет кіретін халықаралық аймақтық бірлестік.
XS
SM
MD
LG