Accessibility links

Қазақстан A/H1N1 тұмауына Ресейде күзде жасалатын вакцинаны қолданбақ


ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің хабарлауынша, Қазақстан A/H1N1 тұмауының профилактикасына Ресей жасап шығаратын вакцинаны қолданбақ.

«Біз бұл вакцинаны жақын көршімізден сатып алып, қазақстандықтарға егеміз», — деді министр бүгін Астанада өтіп жатқан арнайы брифинг барысында.

Сондай-ақ Жақсылық Досқалиев Ресейдегі вакцинаның биылғы жылдың күзінде дайын болатындығына «өте қуанышты» екенін жеткізді.

Бұдан бұрын Ресей медицина ғылымдары академиясы ғылыми-зерттеу институтының басшысы Олег Киселев A/H1N1 тұмауына қарсы вакцинаның алғашқы партиясы осы жылдың 1-қазанында дайын болатындығын хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG