Accessibility links

АҚШ пен Қытай әлемдік дағдарыспен бірге күреседі


Америка Құрама Штаттары сияқты Қытай да Иранның ядролық мемлекетке айналуына қарсы. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон осылай деп мәлімдеді. Стратегиялық және экономикалық пікіралмасу аясында Вашингтонда болып өткен 2 күндік келіссөзді қорытындылай келе Хиллари ханым Иранның ядролық бағдарламасына Ақ үйдің алаңдауына ресми Бейжіңнің түсіністікпен қарайтынына қанағат білдірді.
Өз кезегінде АҚШ-тың қаржы министрі Тимоти Гейтнер атап көрсеткендей, Қытай өзінің ішкі сұранысын ынталандыруға және Вашингтонмен бірлесіп әлем экономикасына жан бітіруге бағытталған шара қабылдауға сөз берді.
Сонымен қатар АҚШ пен Қытай өкілдері энергетика саласына қатысты, ғаламдық ауа райының құбылуы мен экологияға қатысты жалпылама құжаттарға қол қойды.
XS
SM
MD
LG