Accessibility links

Оппозиционерлердің аппеляциялық шағымдары қанағаттандырылған жоқ


Бүгін 2009 жылдың 22 мамырындағы Алмалы аудандық сотының шешіміне келіспеген оппозиция жетекшілері Болат Әбілов, Төлен Тоқтасынов, Асылбек Қожахметовтердің аппеляциялық шағымын қараған Алматы қалалық соты аудандық соттың шешімін күшінде қалдырып, аппеляциялық шағымды қанағаттандырмады, — деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Азат» партиясының жетекшісі Болат Әбілов, «Шаңырақ» қозғалысының жетекшісі Асылбек Қожахметов пен Қазақстан Коммунистік партиясының хатшысы Төлен Тоқтасыновтар «қылмысты бүркемеледі», кәсіпкер Борис Костановты өлтіруге тапсырыс берген күдікті ретінде қарастырылатын ағайынды Байсақовтарға Украинадан саяси баспана әперуге көмектесті деп айыпталған болатын

Алмалы аудандық сотының шешімі Болат Әбілов, Төлен Тоқтасынов, Асылбек Қожахметовті айыпты деп тапқанымен, қылмыстық жауапкершіліктен босатқан болатын.
XS
SM
MD
LG