Accessibility links

Майкл Джексонды емдеген дәрігер тінтілді


АҚШ-та марқұм Майкл Джексонның жеке дәрігері болған Конрад Мюррейдің үйі мен кеңсесінде тінту жүргізілді.
Бір жорамал бойынша, әйгілі поп-әншінің қазасына өте күшті ұйықтататын дәрінің себеп болуы мүмкін. 3 сағатқа созылған тінтудің нәтижесінде Мюррейдің үйінен бірнеше пластикалық контейнер тәркіленді.
Дәрігердің кеңсесінде полиция 9 сағат бойы Джексонның өліміне қатысы болуы мүмкін дәрігерлік есептерді іздестерді. Дәрігердің адвокаты хабарлағандай, тінту Мюррейдің көзінше жүргізілді.
XS
SM
MD
LG