Accessibility links

Молдовада парламент сайлауы заңға сәйкес өтті


Молдавадағы кезектен тыс парламент сайлауы заңға сәйкес өтті деп танылды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Юрий Чокан мәлімдегендей, дауыс беруге барлық сайлаушының 1/3-нен астамы қатысты.
Дауысқа 8 саяси партия түсті. Қоғамдық сауалнамаға қарағанда, оның ішінен 4-5 партияның парламентке өтуге мүмкіндігі болды.
Кезектен тыс сайлау - оппозициялық партиялар парламентте президентті сайлауға бөгет жасаған соң тағайындалып отыр.
Өткен сейсенбі күні Молдова билігі тиесілі тіркеу құжаттары жоқ деп Ресей мен Беларусьтің бақылаушыларын елден шығарып жіберді. Сол күні-ақ ресми Кишинеудің тағы 87 шітелдік бақылаушыны тіркемей қоғаны мәлім болды.
XS
SM
MD
LG