Accessibility links

Жолаушылар поезынан бір сөмке жалған теңге тәркіленді


«Маңғышлақ – Атырау» бағытындағы жолаушылар поезының жолаушысынан бір сөмке жалған теңге тәркіленді. Поезда жол билетінсіз бара жатқан 18 жастағы Атырау облысының тұрғынын Батыс ІІД-нің қызметкерлері тексерген, оның жеке заттарын қарағанда өзінде құны 2 мың теңгелік бірнеше жалған ақша болған, ал купедегі орнынан сөмкеге салынған 60-тан астам 2 мың теңгелік табылған.

ІІД қызметкерлерінің айтуынша, жалған ақшаның сапасы өте төмен, түрлі-түсті принтерден шығарылған. Бірақ сол сапасыз ақшаға қолға түскен жолаушы Мақат станциясынан азық-түлік сатып алған.

Полицейлер жалған банкноттарды заңсыз айналымнан алып тастады. Тәркіленген 64 дана 2 мың теңгеліктің бәрінің сериясы мен номері бірдей болған. Қазір бұл дерекке қатысты «Жалған ақшаны пайдалану» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір қолға түскен азамат Атырау станциясының уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бұл іске тағы кімдердің қатысы барын анықтау үшін сараптама жүргізілуде.
XS
SM
MD
LG