Accessibility links

Тбилиси мен Цхинвали бір-бірін айыптап отыр


Грузия билігі мен жікшілдік Оңтүстік Осетия аймағының билік орындары бейсенбі күнгі атысқа байланысты бір-бірін кінәлауда. Грузия ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Оңтүстік Осетиядан Никози ауылына оқ пен граната атылған. Оңтүстік Осетияның сепаратисттік үкіметі болса Никози ауылынан Цхинвалиге оқ атылды деп отыр.

Өткен жылғы соғыстан кейін аймақтағы жағдай шиеленісе түскен болатын.
XS
SM
MD
LG