Тәжікстан, Ауғанстан және Пәкістан жетекшілері исламшыл бүлікшілердің зорлық-зомбылық әрекеттерімен күресуде ынтымақтасуға келісті. Бейсенбі күні Душанбедегі келіссөздерінен кейін Ауғанстан президенті Хамид Қарзай мен Пәкістан президенті Асиф Али Зардари және Тәжікстан президенті Имомали Рахмон қауіпсіздік мәселесі өте маңызды деп мәлімдеді.
Таяуда Тәжікстанның шығысындағы үкімет күштеріне шабуылдар жасалған болатын. Осыған байланысты Пәкістан мен Ауғанстаннан қашып кеткен бүлікшілер Орталық Азия мемлекетінде жасырынып жүрген болуы мүмкін деген алаңдаушылықтар айтылып отыр.
Бүгін кешке Ресей президенті Дмитрий Медведев Тәжікстанға барып, аталған үш елдің басшыларымен кездеседі деп күтілуде.