Accessibility links

ЕуроОдақ Молдованы үкіметті шұғыл құруға шақырды


Еуропа Одағы Молдованы елде дүрбелең болып кетпес үшін тезарада үкімет құруға шақырды. Сәрсенбі күнгі сайлауда коммунистер парламенттегі көптеген орнынан айырылған болатын. ЕуроОдақтың сыртқы қатынастар бойынша комиссары Бенита Ферреро-Уалднер барлық саяси партияларды «ашық әрі конструктивті диалог» жүргізуге шақырды. Еуропа Одағының жоғары лауазымды дипломаты Хавиер Солана да Уалднердің шақыруына қосылып, Молдова саясаткерлері президентті сайлап, тезірек үкімет құруы тиіс деп атап көрсетті.

Коммунистер парламенттегі 101 орынның 48-не қол жеткізсе, ал олардың оппоненттері 53 орынды иеленді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары Молдовадағы сайлау жақсы өтті, аса ірі заңбұзушылықтар орын алмады деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG