Accessibility links

2-тамыз күні Қырғызстан президентінің инаугурациясы өтеді


Екінші мерзімге сайланған Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің қызметке кірісу рәсімі 2-тамыз күні өтеді, — деп хабарлайды Бішкек қаласының басшысы Нариман Төлеев.

Оның елдегі маңызды оқиғаның өтуіне байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына арнап жолдаған үндеуінде: «Сіздерден елімізге құрметті қонақтардың келуіне байланысты қолайсыз жайлар болып қалса, оған түсіністікпен қарап, осы күні делегацияның жүруіне орай жабылатын қаланың орталық магистралдарымен жүруді қысқартуды сұраймыз», — делінген.
XS
SM
MD
LG