Accessibility links

Алматыда доңыз тұмауы жұққан тағы бір адам анықталды


Алматыда тағы бір доңыз тұмауы тіркелді. А/Н1N1 тұмауымен ауырған 10 жастағы алматылық бала Ұлыбританиядан 22-шілде күні келген, — деп хабарлады қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, баладағы тұмау 28-шілде күні тамақ ауруы түрінде білінген, баланың ата-анасы оны өз беттерінше емдеп, ертеңінде ғана дәрігерлерге жүгінген.

Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық орталықтың тексеруінен кейін балада А/Н1N1 тұмауының вирусы бары анықталған. Қазір ауруханада емделіп жатқан баланың жағдайы қалыпты дәрежеге түскен деп хабарланып отыр.

Эпидемиологиялық тексеріс барысында баламен қарым-қатынаста болған үйіндегі екі адамнан ауру белгілері байқалмаған, бірақ індет ошағындағы медициналық бақылау жалғасуда.
XS
SM
MD
LG