Accessibility links

ТМД елдері мәдени ынтымақтастық концепциясын жасауда


Минскіде өткен ТМД Атқару комитеті сарапшылар тобының мәжілісінде Достастық мемлекеттері мәдениет саласындағы ынтымақтастық концепциясының жобасын талқылады.

Жиынға қатысқан Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан елдерінің өкілдері жобаға қатысты ұсыныс-ескертулерді талқылап, құжат жобасына бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізді.

Мәдени ынтымақтастық концепциясы жобасының толықтырылған нұсқасы биылғы қарашаның 20-сына дейін ТМД Атқару комитетіне таныстырылуға тиіс.

Бұл концепция Достастық мемлекеттерінің ұлттық құндылықтарын сақтауға және дамытуға негізделген.
XS
SM
MD
LG