Accessibility links

АҚШ Ирандағы жағдайға алаңдаулы


АҚШ билігі Теhранда азалы митингке жиналғандарды күштеп тарату әрекетіне қатысты алаңдаушылық танытты. Бейсенбі күні полиция Неда Аға-Сұлтанның зиратының басына жиналған жүздеген адамды тарату үшін күш қолданды.

Неда осыдан бір ай бұрын президент Махмуд Ахмединежадтың екінші мәрте сайлануына қарсы акция кезінде оққа ұшқан еді. Куәгерлердің айтуынша, бірқатар адамдар тұтқындалған. Бұдан бөлек, Теhранның орталығында полиция мен наразы топтың қақтығысып қалғандығы айтылып отыр.

Кей хабарларға қарағанда, полиция оларға қарсы газ қолданған, ал наразылық танытушылар қоқыс төгетін жәшіктерді өртеген.
XS
SM
MD
LG