Accessibility links

Түркмен-Иран газ құбыры осы жылы дайын болады


Түркменстан Иранға жететін газ құбырының құрылысын осы жылдың аяғына дейін аяқтайды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Баймұрат Ходжамухаммедов ұлттық теледидардан жариялады.

Салынып жатқан құбыр арқылы Довлетабат кен орнындағы газ тасымалданатын болады. Осыған дейін бұл аймақтан газ тек Ресейге ғана жеткізілген. Өткен айда Түркменстан Иранға газ тасымалы көлемін асыратынын хабарлады.
XS
SM
MD
LG