Accessibility links

Хатами Иранда басталған сотты айыптады


Иранның бұрынғы президенті әрі оппозиция қозғалысының қолдаушысы Мохаммад Хатами маусым айындағы президент сайлауынан кейінгі шерулерде қамауға алынған 100 адамның сотын айыптады. Хатамидің айтуынша, бұл сот конституцияға қайшы келеді. Тыңдаулар алдында адвокаттар сот істерімен таныстырылмаған дейді Хатами.

Бұдан бұрын реформашыл "Мошарекат" партиясы сотқа тартылып отырғандарға тағылған айыптардың үстінен "пісірілген тауық та күледі" деп мәлімдеген болатын. Айыпталушылар Махмуд Ахмадинежадтың президент болып қайта сайлануына байланысты жаппай наразылық шерулерінде тұтқындалған еді.
XS
SM
MD
LG