Accessibility links

Алматыда 4 альпинист қаза тапты


Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыдағы биік ғимараттардың біріндегі жұмыс кезінде альпинистер опат болған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 38 қабатты «Есентай-Тауэрс» деп аталатын әкімшілік ғимаратының жетінші қабатында жұмыс істеп жатқан 4 альпинист жоғарыдан құлап, жедел жәрдем келгенше қаза тапқан. Мерт болғандардың жастары 21 мен 43 аралығында.
XS
SM
MD
LG