Accessibility links

Серік Рсалиев: ҰБТ жаңа пішінде жасалмақ


Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа пішіні қарастырылуда, — деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Серік Рсалиев.
Серік Рсалиевтің айтуынша, ҰБТ оқушының бағасы, мектеп директоры мен сынып жетекшісінің, одан әрі аудандық және облыстық білім басқармаларының жұмысы сияқты көптеген қызметтерді қамтиды.

Ресми өкіл ҰБТ қызметін мектептегі аттестация және ЖОО-ға түсу сияқты екіге бөлу керек деген пікірде.

«Оқушылар соңғы жарты жылдықта ҰБТ-дағы бес пәнді ғана оқып, қалғандарына мән бермейді, осылайша білімнің сапасы төмендейді деп сынайды бізді. Егер біз бұл процедураны бөлетін болсақ, оқушылардың базалық білімін тексереміз, бірақ олар оқуға түсер кезде мамандығына қатысты төрт пәнді оқуға мәжбүр болады. Қазір бұл пішін зерттелу үстінде, мұны енгізу үшін жұмыс тобы құрылады», — деді Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі.
XS
SM
MD
LG