Accessibility links

Статистика агенттігі: Қазақстандағы күнкөріс мөлшері өткен жылға қарағанда 2,1%-ға көбейген


Қазақстандағы күнкөріс мөлшерінің ең төменгі деңгейі шілде айында 12948 теңгені құрады, — делінген статистика агенттігінің хабарламасында.

Агенттіктің мәліметіне сәйкес, жан басына шаққандағы күнкөріс мөлшері орташа есеппен өткен айдағыдан 3,3%-ға азайып, 2008 жылдың шілдесімен салыстырғанда 2,1%-ға көбейген.

Күнкөріс мөлшері құрылымындағы ет пен балық өнімдерін алуға жұмсалған шығын 18,8%, сүт, май өнімдері мен жүмыртқа– 14,9%, жеміс пен көкөніс – 14,7%, нан өнімдері – 9,2%, қант, шәйдің үлесі – 2,4% болған.
XS
SM
MD
LG