Accessibility links

Расмуссен: Ауғанстан терроризм ошағына айналмайды


НАТО-ның жаңа бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен альянс Ауғанстанның террорлық орталыққа айналуына жол бермейді деп мәлімдеді. Және ол Ауған елін аяғынан тік тұрғызуға БҰҰ-ы мен Еуропа Одағының көмегі керек болады деді.

Данияның бұрынғы премьер-министрі Расмуссен НАТО бас хатшысы міндетіне сенбі күні кірісті.

Жаңа қызметтегі алғашқы баспасөз мәслихатында Расмуссен Ресеймен шынайы стратегиялық әріптестікті дамытуға қатысты пікірін айтты.

Ол Ресейдің көрші елдерінің аймақтық тұтастығын сыйлау сияқты халықаралық міндеттемелерін орындауын НАТО талап етуі керек деді.
XS
SM
MD
LG