Accessibility links

Астанада доңыз тұмауына байланысты карантин алынды


Астанада А/Н1N1 тұмауы ауруына байланысты карантинді алып тастау туралы шешім қабылданғанын хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

«Бізде доңыз тұмауы жаңадан тіркелген жоқ, бұрын ауырғандар мен олармен байланыста болғандар дәрігерлердің бақылауында, сондықтан карантинді алып тастау туралы шешім қабылданады», — деді аталған министрліктің ресми өкілі Наталья Буенко.

Қазақстан бойынша доңыз тұмауын жұқтырғандар саны — 15 адамға жетті, олардың көп бөлігі Астана қаласында анықталды. А/Н1N1 тұмауын жұқтырғандардың бәрі Қазақстанға шетелдерден, атап айтқанда Ұлыбритания, Германия мен Испаниядан келгендер.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG