Қытайдың Цзыкэтань қаласында өкпе обасынан үшінші адам қайтыс болды, — деп хабарлайды РИА Новости.
Цинхай провинциясы денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, аурудың бұл жолғы құрбаны 64 жастағы ер адам болған.
Қытай үкіметі өкпе обасының шығуына байланысты елдің солтүстік батысында орналасқан Цзыкэтань қаласын карантинге жауып тастады, бұл жерде өкпе обасы 30-шілде күні анықталған.
Цзыкэтань қаласында өлім қаупін тудыратын ауыр өкпе обасына ұшыраған 12 адам бар, ал емделіп жатқан 9 адамның біреуінің жағдайы өте ауыр.
Бұл аурудың басты таратушылары кеміргіштер мен қанмен қоректенетін жәндіктер. Қазір оба дерті етек алған аумақта тышқан, егеуқұйрық, кене сияқты ауру таратуы мүмкін кеміргіштер мен жәндіктердің көзі жойылуда.