Accessibility links

«Қазақстанның банк жүйесі күйреуге жақын тұр»


«Moody’s» халықаралық рейтингтік агенттігі қазақстандық банк жүйесі толық банкрот болуға жақын деген болжам жасап отыр, себебі дағдарыстың әсеріне көбірек ұшыраған экономикалық сектордың бірі Қазақстанның банк жүйесі. Агенттіктің пікірінше, бұл Қазақстандағы үш қаржылық институттың дефолттық жағдайының нәтижесі.

«Moody’s –тың» мәліметіндегі дефолттық жағдайдағы үш банктің ішінде – «БТА банкі», «Альянс» банкі мен «Астана-Финанс» бар, бұл мекемелерде қазір қарыздарын қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде.

«Moody’s» Қазақстан банктерінің әрі қарайғы дефолты мен банкроттығын жоққа шығармайды және қиын уақыттар әлі алда деген пікірде.
XS
SM
MD
LG