Иран Ирақ шекарасына жақын жерден үш американдықты ұстағанын растап отыр. Ирандық ақпарат агенттіктері олар шекарадан заңсыз өткені үшін қамауға алынды деп хабарлауда.
Иранның батысындағы Күрдістан аймағының басшысы Ираж Хассанзаде үш американдық Мариван қаласының маңынан ұсталды, оларға қатысты тергеу жүріп жатыр деген.
Иранның күрдтер аймағымен шекаралас Ирақтың тауларына шыққан үш АҚШ азаматы байқаусызда шекарадан өтіп кетіп, жұма күні қамауға алынған болатын.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Иранды олардың аман-есен оралуын қамтамасыз етуге шақырды.