Accessibility links

Иордания Израилге қатысты АҚШ-тың ұсынысын қабылдамады


Иордания Құрама Штаттардың Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөздерді бастау үшін Израилмен байланыстарын жақсартуға шақырғанын қабылдамаған аймақтағы екінші ел болып отыр.

Дүйсенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен кездескен Иордания сыртқы істер министрі Насер Юде бейбіт жағдайға ешқашан әкелмейтін мұндай үзік-үзік қадамдарға жол бермеу керек деген.

Саудия сыртқы істер министрі ханзада Сауд әл-Файзал да шілденің 31-і күні Клинтон ханыммен кездесуден кейін дәл осындай пікір білдірген.

Обама әкімшілігі араб елдерін Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөздің жаңа сатысын өткізуге көмектесуге шақырып келеді.
XS
SM
MD
LG