Accessibility links

Ресей күштері Оңтүстік Осетияда әскери дайындықта тұр


Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Осетиядағы ресейлік әскерлер Грузиямен шекарадағы күрделі жағдайға байланысты әскери дайындықта отыр деп хабарлады.

Ассошейтед пресс агенттігіне министрлік өкілі Андрей Нестеренко мәлімдегендей, аймақтағы жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін осындай шаралар қолға алынды.

Таяу күндері Грузия мен оның жікшіл аймағы Оңтүстік Осетия ресмилері шекарадағы атыстарға бірін-бірі айыптады.
Сонымен қатар Тбилиси мен Мәскеу де бұл аймақта арандатушылық жасап отыр деп бірін-бірі кінәлап отыр.
XS
SM
MD
LG