Accessibility links

Билл Клинтон Пхеньянда Ким Чен Ирмен кездесті


Солтүстік Кореяда сапармен жүрген АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон президент Ким Чен Ирмен кездесті.

Пхеньянға түрмеге жабылған американдық екі журналисті шығару мақсатында барған экс-президент Клинтонның құрметіне Солтүстік Корея жетекшісі кешкі ас берген. Бұл туралы солтүстік кореялық ақпарат агенттіктері хабарлады.

Осыған дейін Ақ үй өкілі Билл Клинтон Солтүстік Кореяға өзінің жеке миссиясымен барды деп айтты.

Американдық журналистер Юна Ли мен Лаура Линг маусым айында шекараны заңсыз өтті деген айыппен 12 жылға еңбек лагеріне жабылған болатын.

AzattyqTV

Макронмен кездесу

Путин санкция жайлы айтты

XS
SM
MD
LG