Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының осы жылдың 31-шілдесіндегі мәліметінше, әлем бойынша А/H1N1 тұмауынан 1,154 мың адам көз жұмған, 168 мемлекеттің аумағында доңыз тұмауымен ауырған 162,38 адам тіркелген.
Кей мемлекеттерге қиындық әкелетіндіктен және көп ресурсты талап ететіндіктен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұдан былай доңыз тұмауына шалдыққан әрбір науқас туралы хабарлауды тоқтатты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баспасөз хатшысы Фадел Чаибтың айтуынша, доңыз тұмауы кең етек жайған елдерден әрбір адамға лабораториялық зерттеулер жүргізу талап етілмегендіктен, қазір доңыз тұмауымен ауырғандардың нақты санын білу мүмкін болмай отыр.
Ал аталмыш ұйымның доңыз тұмауынан қайтыс болғандар туралы ақпарат таратқан бөлімінің хабарлауынша, құрбандар саны жағынан Азияның оңтүстік шығыс бөлігі екінші орында тұр.