Accessibility links

Ахмадинежад президенттік ант қабылдады


Бүгін Махмуд Ахмадинежад президент ретінде екінші мерзімге ант қабылдады. Оның келесі төрт жылға президенттік қызметке кірісу салтанаты парламентте өтті.

Маусымның 12-де өткен президенттік сайлауда Махмуд Ахмадинежад жеңіске жеткен соң, елдегі көшелерде жаппай наразылық шерулері орын алған.

Сайлауда жеңіліс тапқан екі кандидат реформашыл Мир Хоссейн Мусави мен Мехди Кароуби дауыс берулер бұрмалаушылықпен өтті деген.

Инаугурацияда сөйлеген сөзінде Ахмадинежад өзінің қайта сайлануы елдегі үлкен өзгерістерге бастау болып отыр деп айтты.
XS
SM
MD
LG