Accessibility links

Ресей: Грузия жаңа шабуылға дайындық жасап, қайта қарулануда


Ресей Қарулы күштер бас штабы басшысының орынбасары Анатолий Ноговицын Грузия жаңадан шабуыл жасау үшін қайта қаруланып жатыр деп мәлімдеді. Ол бұл туралы сәрсенбі күні Мәскеуде өткізген баспасөз мәслихатында айтты.

Оның бұл мәлімдемесі Ресей мен Грузияның мәскеушіл жікшіл аймақ Оңтүстік Осетияға қатысты соғысының бір жылдығы қарсаңында аймақтағы жағдай күрделі болып отырған тұста айтылып отыр.

Сейсенбі күні Ресей өзінің Оңтүстік Осетиядағы күштерін жоғары әскери дайындықта ұстап отырғанын айтып, Грузия тарапынан арандатушылықтар болып жатыр деген.

Ресей өткен жылғы тамыздың 8-дегі Грузиямен қақтығысынан кейін оның жікшіл аймақтары Оңтүстік Осетия мен Абхазияны тәуелсіз ел ретінде мойындады.
XS
SM
MD
LG