Accessibility links

Бішкек Өзбекстанмен шекарасында база құрылғанын қалайды


Қырғызстан Өзбекстанның Баткен облысымен шекарасына жақын аймақта Ресейдің әскери базасының орнатылуын қолдайды деп мәлімдеді Қырғызстанның Ресейдегі елшісі Раимқұл Аттакуров.

Онымен қоса ол әзірге ресейлік базаны Ош қаласында немесе Баткен облысында орналастырылуы жөніндегі мәселе шешілген жоқ.

Осыған дейін Өзбекстан билігі Қырғызстанның оңтүстігінде база орнатуға қарсы мәлімдеме таратқан. Ресми Ташкент ол аймаққа тұрақсыздық әкеледі деген қаупін жеткізген.

Әскери база құру туралы шешімді өткен аптада Ресей мен Қырғызстан президенттері Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымының саммиті кезінде қабылдаған болатын.
XS
SM
MD
LG