Accessibility links

Қазақстанда доңыз тұмауын жұқтырғандар саны 17-ге жетті


Қазақстанда пандемиялық Н1N1 тұмауына шалдыққандар саны 17-ге жетті деп хабарлады сәрсенбі күні ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Екі науқастың доңыз тұмауымен ауыратындығы тамыздың 5-і күні анықталған. Олардың біреуі - Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны.

Науқас тамыздың 3-і күні Петропавл қаласына Ұлыбританиядан оралған. Сол күні оның ыстығы көтеріліп, тамағы бөртіп, жөтелген. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында амбулаториялық ем қабылдап жатыр.

Доңыз тұмауы анықталған екінші науқас -Алматы қаласында тіркелді. Ол қазір стационарлық жағдайда ем қабылдап жатыр.

"Осылайша 2009 жылы 5 тамызда Қазақстанда А (Н1N1) тұмауымен 17 адам тіркелді" делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.
XS
SM
MD
LG