Accessibility links

Алматыға жаңадан тіркелген А /H1N1 тұмауын алып келген Қорғаныс министрлігінің қызметкері анықталды


Алматыдағы жаңадан тіркелген А /H1N1 тұмауын АҚШ-тан келген Қорғаныс министрлігінің қызметкері «алып келіпті», — деп хабарлады Мемлекеттік эпидемиялық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ОРВИ диагнозымен 3-тамызда ауруханаға түскен науқасқа жасалған тексеру қорытындысы санитарлық эпидемиологиялық орталыққа жіберіліп, олар оның доңыз тұмауы екенін анықтаған.

Қазіргі уақытта онымен байланыста болған 8 адам әскери госпиталдың бақылауына алынған. Қорғаныс министрлігінде де эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп, байланыста жалпы саны 50 адамның байланыста болғаны анықталып, оларды тексеру жұмыстары жалғасуда.
XS
SM
MD
LG