Accessibility links

Мұхтар Жәкішевке адвокат берілді


ҚазТАГ-тың хабарлауынша, «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы президенті, тұтқындағы Мұхтар Жәкішевке адвокат жіберілді.

«Біз ұсынған адвокаттардың ішінен Жәкішевтер отбасы құпия материалдарға рұқсаты бар Нұрлан Бисекеевті таңдап алды, ол өзінің қорғалушысымен кездесіп, қылмыстық іс материалдарымен танысуға кірісті», — деді ҰҚК баспасөз қызметінің жетекшісі Кенжеболат Бекназаров.

Бұдан бұрын Мұхтар Жәкішевтің өзіне қорғаушы ретінде Берік Имашевті шақырғысы келгенін, бірақ Бас прокуратура оған Берік Имашевтың оны қорғауға құқығы жоқтығын айтқанын хабарлағанбыз.

Мұхтар Жәкішев мамырдың 21-і күні «Қазатомпром» компаниясы басқармасының төрағасы қызметінен бас прокуратураның ұсынысы негізінде босатылған болатын.
XS
SM
MD
LG