Accessibility links

Ресей: Батыс елдері Грузияны қарумен қамтамасыз етпесін


Ресей сыртқы істер министрлігі Батыс елдері Грузияны қарумен қамтамасыз етуін тоқтатсын деген Мәскеудің талабын қайталап айтты. Мұндай әскери қолдау Грузия билігінің «өз проблемаларымызды әскери әдіспен шеше аламыз» деп ойлауына түрткі болуда дейді сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Андрей Нестеренко.

Оңтүстік Осетияға байланысты Ресей мен Грузия арасындағы соғыстың болуына жұма күні бір жыл толады. Бұл екі ел бір-бірін жаңа әскери агрессияға дайындалуда деп кінәлаған болатын.
XS
SM
MD
LG