Accessibility links

Ирақта жанкештілік шабуыл жасамақшы болған қыз түрмеге жабылды


Ирақта өзін-өзі жарып жібермекші болған кезде қамауға алынған бір жасөспірім қыз 7,5 жылға түрмеге жабылды. Ресмилердің айтуынша, Рания Ибрахимге қатысты үкімді Дияла өлкесінің жасөспірімдер соты осы аптаның басында шығарған.

15 жастағы Ибрахим 2008 жылдың тамыз айында Бакубада 20 килограмм жарылғыш зат салынған кеудешені киіп, өзін-өзі жарып жібермекші болған кезде тұтқындалды.
XS
SM
MD
LG