Accessibility links

«Әблязов ісі» Алматы прокуратурасына тапсырылды


Алматы прокуратурасы БТА банкі мен Темірбанктегі тонау делінетін фактісі бойынша қылмыстық істің алдын-ала тергеуі аяқталғандығын айтты деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

«Тексеру нәтижесі бойынша прокуратура тағылған айыптар көлемімен, сондай-ақ айыпталушылардың әрекеттерінің сипатымен келісті. Жауапқа тартылған кісілерге, атап айтқанда Мұхтар Әблязов пен Жақсылық Жәрімбетовтердің басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топқа, БТА банкі мен "Темірбанктің" қаржылай мүлкін талан-таражға салған, кейін ұрланған ақшаны заңдастырып алған деген айып тағылып отыр», - делінген прокуратураның ақпаратында.

Сонымен қатар, Мұхтар Әблязов пен Жақсылық Жәрімбетовке және басқа да айыпталушыларға қатысты қылмыстық іс дербес өндіріске алынғаны хабарланды.

БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов бұл банк үкіметтің бақылауына көшкен сәтте Қазақстанды тастап шықты. Қуғынға ұшыраған кәсіпкер өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG