Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласының тұрғыны 34 жастағы әйел конго-қырым қанды безгегінен қайтыс болған.
Шардараның аудандық орталық ауруханасына 3-тамыз күні конго-қырым қанды безгегі болуы мүмкін деген күдікпен жатқызылған әйел үш күннен соң көз жұмған, қазір онымен байланыста болған 18 адам медициналық бақылауға алынған. Індет ошағында санитарлық-эпидемиялық шаралар жүргізілуде.
Бұдан бұрын Қазақстанның оңтүстік облыстарында бұл дертке шалдыққан 17 адам бары, оның ішінде 14 жағдай Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелгені хабарланған.