Accessibility links

Грузия Ауғанстанға әскер жібермек


Грузия парламенті халықаралық коалиция күштері құрамында қауіпсіздікке қолдау білдіруге қатысу үшін Ауғанстанға әскерилердің екі тобын жіберуді бірауыздан мақұлдады.

Грузия президенті Михаил Саакашвили Ауғанстанға әскер жіберу туралы парламентке өтініш жасаған еді.

100 әскери қызметкерден жасақталған алғашқы топ осы жылдың күзінде жіберіледі деп жоспарланған, олар француздардың басқаруымен қызмет ететін болды. Ал келесі жылы Ауғанстанның оңтүстік провинцияларына жауынгерлік жұмыстарға АҚШ контингенті құрамында қатысатын грузиндік батальон жіберіледі.
XS
SM
MD
LG