Ирандағы президент сайлауында жеңіліп қалған реформашыл Мир Хоссейн Мусавидің жақтастары Теһранда жаңа наразылық акцияларын ұйымдастыруда. Иран астанасындағы Ванак алаңына шыққан демонстранттар «Диктаторға өлім» деп айқайлауда.
Би-би-сидің хабарлауынша, наразылық акциясына жүздеген адам қатысуда, полиция оларды тұтқындаймыз деп қорқытып, тарату шараларын қолдануда.
5-тамыз күні Махмуд Ахмадинежад президент ретінде екінші мерзімге ант қабылдады. Ал сайлауда жеңіліс тапқан екі кандидат реформашыл Мир Хоссейн Мусави мен Мехди Кароуби дауыс берулер бұрмалаушылықпен өтті деп, әділет үшін күрестерін жалғастыратынын айтуда.