Accessibility links

Тұрғын үй комиссиясы мемлекеттік бағдарламамен үй алушылардың жаңа ережесін ұсынды


Астана қаласының әкімдігінде республикадағы 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру бойынша, азаматтардан қабылданған құжаттарды қараумен айналысатын Тұрғын үй комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй алушылар үшін жасалған жаңа балдық жүйенің ережесіне сәйкес, «жас отбасы» санатында басымдық көп балалы отбасыларға берілсе, «мемлекеттік қызметкер» санатында еңбек өтілінің жоғары болуы басты шарт болмақ.

Сонымен мемлекеттік қызметкер үшін бірінші критерий — мемлекеттік орган мен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мекемедегі еңбек өтілі, толық бір жыл үшін 5 балл, ал бір жылға толмаса 3 балға есептеледі.

Екінші критерий — өтініш берушінің жұбайы -мемлекеттік орган мен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мекемеде жұмыс істесе еңбек өтілінің толық бір жылы үшін 5 балл, ал бір жылға толмаса 3 балға есептеледі.

Үшінші критерий — отбасының балалы болуы, әр бала үшін 3 балл есептеледі.

Осы балды жинаған өтініш берушіге мына жағдайларда қосымша балл қосылады:

Өтініш беруші 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысып, Тұрғын үй комиссиясының қорытындысында 10 балл ала алмай қалса;

Өтініш беруші немесе оның жұбайы болып табылатын әйелдің жүктілік мерзімі 20 аптадан артық болса — 3 балл;

Отбасында 1 және 2-топтағы мүгедек адам болса, оның тиісті құжаттары үшін — 3 балл.

Тұрғын үй комиссиясының келесі отырыстарында «мемлекеттік мекеме» және «мемлекеттік кәсіпорын» қызметкерлерінің өтініштері қаралып, ұпай сандары белгіленеді. Соңғы екі санаттарда да басымдық еңбек өтілі неғұрлым жоғары азаматтарға берілетін болады.

Тұрғын үй комиссиясы іріктеуді барлық төрт санат бойынша құжаттар қаралып, ұпай сандары бекітілгеннен кейін жүзеге асырады. Биыл қабылданған өтініштердің саны — 28 мың 90, ал салынып жатқан пәтерлердің саны — 5 мың 612.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG