«Центростал-Домсталь» фирмасының қызметкері, поляк азаматын белгісіз біреулер тонап кеткен, — деп хабарлайды ҚазТАГ.
Жетісу ауданының Ангарская көшесінде орналасқан фирманың қонақтарға арналған ғимаратының бөлмесінде уақытша тұрып жатқан 40 жастағы шетелдікті тонағандар жастары 25-тен аспаған белгісіз бес жігіт екені белгілі болған.
Олар түнгі сағат 3-тер шамасында бетон қоршаудан асып түсіп, ЖШС-нің аумағына өткен, күзетшіні байлап тастап, шетелдіктің бөлмесіне терезеден кіріп, 92 мың теңге ақшасын алып кеткен.
Ұрлықтың ізін суытпай, іздеуге кіріскен полицияның әрекеті нәтижесіз болғандықтан, қазір жедел тергеу тобы құрылып, жұмыс істеуде.