Accessibility links

Пәкістан: Талибан басшысы өлтірілген болуы мүмкін


Пәкістан ішкі істер министрінің хабарлауынша, Талибан жетекшісі Байтулла Мехсуд осыдан екі күн бұрын орын алған зымыран шабуылынан қаза тапқан болуы мүмкін. Министр Рехман Маликдің айтуынша, Оңтүстік Вазиристанда жасалған әуе шабуылында Мехсуд пен оның әйелінің және күзетшілерінің өлтірілгендігі туралы билік орындарында ақпарат бар бірақ ол нақты ресми түрде расталмаған.

Сонымен қатар Мехсудтың жерленгендігі туралы да мәлімет келіп түсіп жатыр. Талибан жетекшісі Мехсудтың жауынгерлері Пәкістанда бірнеше жанкештілік шабуыл мен Ауғанстандағы халықаралық күштерге шабуылдарды жүзеге асырған.

АҚШ Мехсудтың ұсталуы немесе өлтірілуі туралы мәлімет үшін 5 миллион доллар беріледі деп уәде еткен.
XS
SM
MD
LG