Accessibility links

Есіргеповке қатысты сот үкімі ертең жарияланбақ


«Алма-Ата инфо» басылымының бас редакторы Рамазан Есіргеповке қатысты сот үкімі сенбі күні жарияланады. Бұл туралы Азаттық радиосына Тараз сотының төрағасына сілтеме жасай отырып, Есіргеповтың жұбайы Раушан хабарлады. Бұл ақпаратты Тараз қаласындағы №2 соттың төрағасы Нұрмат Әбидов та растады.

Раушан Есіргепованың айтуына қарағанда дәл қазіргі уақытта Тараз қаласынан шығып кеткен журналистердің бір тобы қайтып келе жатыр. «Бүгін таңертең Нұрмат Әбидов сот үкімінің дүйсенбі күні белгілі болатынын хабарлаған, сондықтан сырттан келген журналистер Тараздан кетіп қалған еді. Мен бұл жерде бір жұмыстарыммен кідіріп қалып, түстен кейін сотқа қайта кіргенімде, Нұрмат Әбидов маған сот үкімін шығаруға байланысты жаңа шешімнің қабылданғанын хабарлады»,- деп нақтылады Раушан Есіргепова.

Рамазан Есіргеповке Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құпия мәліметтерін жариялады деген айыптар тағылған.
XS
SM
MD
LG